Жаз келді, біз демалуға теңізге, жағажайға барамыз. Осындай әдемі жерлердің өзінде жарақат алу, ішек инфекциялары және тағы басқа қиындықтар күтіп отырады. Қажетті дәрі-дәрмегі бар алғашқы жәрдем қобдишасын ұмытсаңыз, кез келген мұқият жоспарланған демалысыңыз дұрыс өтпеуі мүмкін. Жолға дұрыс жинастырылған қобдиша – аздаған жарақаттар мен сырқаттар демалысыңызға кедергі келтірмеудің кепілдігі.

Өзіңізбен бірге алып жүретін негізгі дәрі-дәрмек жинағын қарастырайық. Ештеңе ұмытып кетпес үшін, санаттар бойынша тексереміз:

1. Жарақаттан, жарадан, күйіп қалудан, оның ішінде күнге күюден
Сутек пероксиді, йод (немесе бетадин), жасыл дәрі (олар өте қолайлы әрі ыңғайлы), жабыстырғыштар, дәкелер мен күйіп қалудан қорғайтын D-пантенол негізінде препараттар.

2. Суық тию, тұмау, ЖРВИ және осымен байланысты аурулар
Ауруды басатын және ыстықты басатын препараттар. Тамақ пен мұрынға арналған ерітінділер/бүріккіштер, вирусқа қарсы препараттар, шырышты қабықтарға арналған антисептик.

3. Аллергиялық аурулар
Антигестаминді препараттар (мүмкіндігінше соңғы үлгідегі, қосалқы әсер өте аз).

4. Улану, бұзылулар және ішек инфекциялары
Сорбенттер мен Экофурил® — микрофлораны қалпына келтіретін ішек инфекцияларына қарсы тұратын қосарланған әсері бар құрал – кез келген қобдишаның болуы міндетті препараты

Әрине, жоғарыда жолға алатын қобдишасына арналған дәрілік заттардың базалық жинағы санамаланған. Оның соңғы құрамы саяхатқа шығатын адамдарға байланысты. Мысалы, егер сіз балалармен бірге саяхаттасаңыз, балаға арналған препараттарды таңдауыңыз керек (бұл ең алдымен ыстық басатын және ауруды басатын құралдар).

Егер саяхатшыда қандай да бір созылмалы аурулары болса, жол жүру қобдишасында осы ауруды емдейтін дәрілер болуы керек. Бір қарағанда мұндай заттар айдан анық болып көрінеді, алайда, егер адам дәріні ушыққан кезде қабылдап, тұрақты күйде қабылдамаса, ол дәріні ұмытып кету қаупі болады.

Сонымен бірге, жол жүру қобдишасы баратын жерлеріңізге байланысты. Мысалы, егер сіз табиғатқа шығатын болсаңыз, күннен қорғайтын құралдарды, жәндіктерден қорғайтын дәрілерді алуыңыз керек. Егер сіз шетелге демалысқа шықсаңыз, қолжүгіңіздегі дәрілер стандарттарға сәйкес келіп, кеденде еш сұрақ туғызбайтынын қадағалауыңыз керек. Сынап қызуөлшегіш орнына ұшаққа қолжүкке электронды қызуөлшегішті алуға болады. Гипертониктерге ұшаққа қолжүкке тонометр алып өтуге рұқсат етеді.

← Мақалаға оралу

ҚАРСЫ КӨРСЕТІМДЕРІ БАР. ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА НҰСҚАУЛЫҚПЕН ТАНЫСЫҢЫЗ
Жоғары қарай
Қай жерден сатып алуға болады
Зеленый крест