САЯХАТҚА ШЫҚҚАН КЕЗДЕГІ ІШ ӨТУ

Қыста күн сәулесі өте қажет. Айналаның бәрі күңгірттеніп тұрады, күн қысқарған, суық... Күннің жылуын іздеу барысында біз алыс жақтарға – Үндістанға, Таиландқа, Вьетнамға, Балиге немесе Доминикан аралдарына баруды көздеп отырмыз. Қыста қалап баратын жер аз болмайды-ау, сірә!

Егер сақтандыру шараларын сақтағанда ғана, мұндай сапар денсаулық пен көңіл-күй үшін пайдалы. Ыстық елдерге барар алдында адамдар жылы және ылғалды климат ауру туғызатын микроорганизмдердің тез жылдам көбеюіне ықпал ететінін ұмытып кетеді. Краннан байқаусызда ішкен су, абайсызда жуылмай желінген жеміс, кафедегі экзотикалық тағам – міне осылардың барлығы демалысыңызды ауыртпалықтарға алып келеді! Сусын және тағаммен бірге асқазан-ішек жолына ауру тудыратын қоздырғыштар еніп кетеді.

Саяхатшының іш өтуі – тұрғылықты жерді ауыстырғанда және жылы елдерде болғанда пайда болатын асқазан-ішек жолы ауруы.

Саяхатшының іш өту белгілері

Негізгі симптом – бірнеше күн бойы сұйық нәжіс. Осы қарапайым тәсілмен ағзаңыз инфекциядан тазарғысы келеді. Көбінесе, іш өту іштің ауруымен, лоқсумен, құсумен жалғасады. Нәжісте қанның қоспасы, дененің жоғары температурасы (38-39оС-ға дейін) және сұйықтық пен тұзды едәуір жоғалту салдарынан сіңірдің тартылуы іш өтудің ауыр белгілері болып саналады.

Іш өткенде не істеу керек?

Ең алдымен, дәрігерге жолығу керек, әсіресе егер сіз кішкентай балалармен саяхаттауға шықсаңыз, кішкентай балаларда сусыздану жылдам орын алып, ауыр салдарға түрткі болады. Жағдай сыни болмауы үшін, оның іш өтуін жылдам емдей бастау қажет.

Терапияның негізгі ережесі жоғалған сұйықтық мөлшерін қалпына келтіруден тұрады. Осы мақсатта науқасқа ағзасына оңтайлы қатынаста тұзды компоненттері мен глюкозасы бар арнайы ерітінділерді береді.

Іш өтуді емдеу кезінде оның негізгі себебіне әсер ету екінші маңызды сәті болады: энтеросорбенттерді қабылдау уыттарды соруды азайтады, ал, микробқа қарсы препарат пен пребиотикті тағайындау зиянды бактерияларды жойып, ішектің қалыпты микрофлорасын қалпына келтіреді.

Саяхат кезінде іштің өтуін қалай болдырмау керек?

  • Жеке гигиена ережелерін сақтаңыз
  • Тістеріңізді тазалау кезінде крандағы суды қолданбаңыз
  • Алғашқы жәрдемге қажетті дәрілерді: таблеткалардағы энтеросорбенттерді және Экофурил® капсулаларын өзіңізбен бірге саяхатқа шыққанда алып жүріңіз.

Экофурил® іш өтуді емдеуге арналған тиімді бактерияға қарсы препарат. Осы препараттың негізгі әсер етуші заты – нифуроксазид – ішекте ғана әсер етіп, қанға сіңбейді, сол себепті, оны қолдану жүйелі антибиотиктерді пайдаланған кездегідей бүкіл ағзаға әсер етпейді. Қосымша зат ретінде Экофурил®-де ішектің қалыпты микрофлорасын қалпына келтіре алатын лактулоза-пребиотигіін қамтиды.

Экофурил® іштің өтуін қоздыратын ауру тудыратын бактерияларды жояды, сондай-ақ, ауырғаннан кейін ішектің қалыпты микрофлорасына жылдам қалпына келуіне көмектеседі, сондықтан, Экофурил®-мен емделгеннен кейін пре- және пробиотиктерді қосымша қабылдаудың қажеті жоқ.

  • Сізге ұсынылатын тағамды таңдауға және тағам ішетін жерге мән беріңіз. Тағамды көшеден сатып алмаңыз.
  • Жемісті қабығынан тазалаңыз және оларды бөтелкедегі сумен жуыңыз
  • Бөтелкедегі суды ғана ішіңіз.

Осы қарапайым ережелерді сақтау саяхаттаудан толық ләззат алуға мүмкіндік береді.

← Мақалаға оралу

ҚАРСЫ КӨРСЕТІМДЕРІ БАР. ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА НҰСҚАУЛЫҚПЕН ТАНЫСЫҢЫЗ
Жоғары қарай
Қай жерден сатып алуға болады
Зеленый крест