Балалар ішек инфекциясына тез шалдығады және олар ересектерге қарағанда улану мен бұзылыстардан баяу емделеді. Жаз мезгілі жағымды сәттерге ғана толы болу үшін 7 қарапайым кеңесті ұстаныңыз:
- Дәретханадан шыққанда, серуеннен кейін, ас ішер алдында, ұйықтар алдында және т.б. баланың қолын сабынмен жуыңыз
- Серуендеуге өзіңізбен бірге бактерияға қарсы майлықтарды / гельдерді міндетті түрде алып жүріңіз. Балаға тамақ берер алдында оларды міндетті түрде қолданыңыз, алақанын сүртіңіз.
- Көкөніс пен жемісті, экзотикалық елдерде ауыз суымен мұқият жуыңыз.
- Балаға қайнаған суды және сүтті ғана ішуге беріңіз (немесе тексерілген өндірушінің бөтелкедегі өнімін).
- Тағам термиялық өңдеуден (әсіресе, бұл базардан алынған сүт пен сүт өнімдеріне, сондай-ақ, ет, балық, жұмыртқа және т.б. қатысты) өтуі керек.
- Баланың үстеліне арналған өнімдерді ұзақ сақтамаңыз. Баланың тағамы тоңазытқышта, жабық күйде сақталып, балғын күйде болуы керек. Кешеден қалған көкөністі, ботқаны жеп көрудің қажеті жоқ. Сәбиге жаңадан әзірленген тағамды беріңіз.
- Қобдишада әрдайым ішек бұзылыстарынан қорғайтын препараттарды: сорбенттерді, су-тұз теңгерімін қалпына келтіруге арналған ерітіндіні, сондай-ақ, ішек инфекцияларынан қорғайтын және микрофлораны қалпына келтіруге арналған Экофурил® препаратын алып жүріңіз.