Шын мәнінде, Экофурил® микробқа қарсы препараттарға жатады. Микробқа қарсы препараттардың адам ағзасындағы ауру туғызатын бактерияларға әсер етуі көп жағдайда ішектің қалыпты микрофлорасының бұзылуына түрткі болатыны белгілi. Ішек микробиотасын қалпына келтіру үшін про- және пребиотиктерді қабылдау көрсетілген. Экофурил® ішектегі пайдалы бактерияларға әсер етпейді және құрамында пребиотик бар, ол ішектің қалыпты микрофлорасының теңгерімін сақтап қалуға және қалпына келуге көмектеседі. Сондықтан, Экофурил®-ді қабылдағаннан кейін пробиотикті қабылдаудың қажеті жоқ.
Экофурил® микробқа қарсы препараттарға жатады, өз кезегінде антибиотиктер осы топқа жатады. Алайда, ішектегі ауру туғызатын бактерияларды жоя отырып, Экофурил® қанға сіңбейді және ағзаға жүйелі әсер етпейді.
Экофурил® препаратын қабылдау ас қабылдаумен байланысты емес. Инфекция қоздырғышына әсер етуі алғашқы мөлшерді қабылдағаннан кейін көмектеседі. Алайда, жағдайыңыздың жақсаруы ішектің ауырлық жағдайы мен инфекциялау деңгейіне байланысты. Әдетте, емдеуді бастағаннан кейін 24-36 сағат өткеннен кейін жағдайыңыз жақсарады.
Ішек инфекцияларының профилактикасы үшін Экофурил® препаратын қабылдауға ұсынылмайды. Экофурил® инфекциялық іш өту себебін жояды және құрамында пребиотик арқасында ішектің қалыпты микрофлорасын қалпына келтіреді.
Экофурилді қабылдау көрсетімі инфекциямен туындаған іш өту болады. Температураңыздың жоғары болуына қарағанда, сізде ішек инфекциясы бар көрінеді. Сізге Экофурил® 7 күн бойы тәулігіне 4 реттен 200 мг мөлшерінде көрсетілген. Алайда, көңіл-күйіңізде оң әсер болмаған жағдайда, емделе бастағаннан кейін бір күн өткен соң, дәрігерге жолығыңыз.
Дәріні медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес Экофурил®-ді ең көбі 7 күн қабылдау керек. Әдетте, Экофурил терапиясының курсы 5-7 күнді құрайды.
Ересектерге Экофурил® тәулігіне 4 рет 200 мг мөлшерінде 7 күннен артық емес көрсетілген. Яғни, 1 адамға 28 таблетка. Яғни екі адамға Экофурил 200мг №30, 2 қаптамасы болуы керек.