Капсулалар

Экофурил®

Ішу арқылы қолданғаннан кейін нифуроксазид асқазан-ішек жолына мүлдем сіңірілмей, оған жүйелі түрде әсер етпейді. Бактериялардың сезімтал түрлеріне қатысты бактерияға қарсы белсенділігін ішек саңылауында ғана байқатады. Өзгермеген күйде ішек арқылы шығарылады. Элиминация жылдамдығы препараттың мөлшері мен асқазан-ішек жолының моторикасына байланысты.

Нифуроксазидтің басқа дәрілермен өзара әрекеттесуі туралы деректер сипатталмаған.

Нифуроксазид

Жіті және созылмалы инфекциялық іштің өтуі (ішек құрт инвазиясы белгілері жоқ).

Созылмалы колиттер мен энтероколиттер.

Бір мезгілде нифуроксазидпен іш өтуді емдеген кезде емделушінің күйіне және іш өту ұзақтығына сәйкес регидратациялық терапия (ішу немесе тамыр арқылы) өткізу керекқажет.

Нифуроксазидпен терапия жасау кезінде ішімдік ішуге болмайды.

Көлікті басқару және ерекше назар салуды және психомоторлы реакция жылдамдығын қажет ететін жұмысты орындау қабілетіне әсер ету.

Препарат көлікті және/немесе басқа механизмдерді басқару қабілетіне кері әсерін тигізбейді.

Капсула

- Нифуроксазидке, препараттың басқа компоненттеріне, 5-нитрофуранның басқа туындыларына жоғары сезімталдық.

- Сахараза/изомальтаза тапшылығы, фруктозаның жақпаушылығы, глюкоза-галактозалық мальабсорбция.

- 3 жасқа дейінгі (осы лекформа үшін) бала жасы.

Капсулалар 100 мг және 200 мг. 10 капсуладан (мөлшері 100 мг) немесе 5, 7, 8 капсуладан (мөлешері 200 мг) поливинилхлоридті жұқа қабықтан және алюминий баспа лакталған жұқалтырдан жасалған контурлы ұяшық қаптамасына орналастырады. 30 капсуладан (мөлшері 100 мг) немесе 16, 28 немесе 30 капсуладан қақпағы бұралатын пластик құтыға немесе қақпағы бұралатын полимерлі банкаға. 3 контурлы ұяшық қаптамасын (мөлшері 100 мг-нан) немесе 8 капсуладан 2 контурлы ұяшық қаптамасын, 7 капсуладан 4 контурлы ұяшық қаптамасын немесе 5 капсуладан 6 контурлы ұяшық қаптамасын (мөлшері 200 мг-нан) немесе 1 құтыға немесе 1 банкіге қолдану нұсқаулығымен бірге картонды қорапқа салады.

Сары түсті № 0 желатинді қатты капсулалар (дозалау үшін 100 мг) және корпусы сары, сары қақпақты № 00 капсулалар (дозалау үшін 200 мг). Капсуланың құрамы – ақ дақтары бар сары түсті түйіршектелген ұнтақ.

Жүктілік кезінде ұрыққа кері әсер етуіне қатысты деректер жоқ. Қажет болған жағдайда, жүкті әйелдерге жән емшекпен емізетін әйелдерге препаратты абайлап тағайындауға болады.

Ылғалдан және жарықтан қорғалатын, температурасы 25°-дан аспайтын жерде, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Микробқа қарсы құрал – нитрофуран. АТХ коды: А07АХ03

Ішке қабылдаңыз. Ересектер мен 7 жастан асқан балалар: тәулігіне 4 реттен 100 мг-нан 2 капсула немесе 200 мг-нан 1 капсула, (тәулігіне 800 мг). 3-7 жастағы балалар: тәулігіне 3 реттен 100 мг-нан 2 капсула немесе 200 мг-нан 1 капсула, (тәулігіне 600 мг). Нифуроксазидпен терапияның ұзақтығы – ең көбі 7 тәулік.

Жарамдылық мерзімі 5 жыл. Жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін қолданбаңыз.

100 мг дозалау үшін:
Белсенді зат: нифуроксазид 100,0 мг. Қосалқы заттар: микрокристалды целлюлоза - 23,0 мг, картоп крахмалы - 9,0 мг, магний стеараты – 4,0 мг, капсула құрамындағы массаны алғанға дейінгі сахароза 460,0 мг. Қатты желатинді капсулалар №0: 0 [желатин (100 %-ға дейін, су (14-15 %), хинолинді сары бояғыш (0,5834 %), күннің батуы бояғышы (0,0026 %), титан диоксиді (0,9740 %)].

Дозалау үшін 200 мг:
Белсенді зат: нифуроксазид 200,0 мг. Қосалқы заттар: микрокристалды целлюлоза - 58,0 мг, картоп крахмалы - 18,0 мг, магний стеараты - 6,0 мг, капсула құрамындағы массаны алғанға дейінгі сахароза 630,0 мг. Қатты желатинді капсулалар №00: [желатин (100 %-ға дейін), су (14-15 %), Қақпақ: қызыл түсті бояғыш [Понсо 4R] (0,079801 %), көк түсті, патенттелген бояғыш (0,00165 %), күннің батуы бояғышы (0,093301 %), титан диоксиді (0,813158 %); Корпус: хинолинді сары түсті бояғыш (0,583356 %), күннің батуы бояғышы (0,002565 %), титан диоксиді (0,974035 %)].

Мөлшерден тыс берген айрықша симптомдар сипатталмаған. Жедел жәрдемнің стандартты шаралары қолданылады.

Рецептісіз жіберіледі.

Әсер ету ауқымы кең микробқа қарсы құрал – 5 нитрофуран туындысы. Асқазан-ішек жолы инфекцияларын емдеу үшін қолданады. Нифуроксазид дегидрогенез белсенділігін тежейді және тыныс алу тізбектеріне, үш карбонды қышқылдар цикліне және бактериялық жасушадағы басқа биохимиялық реакцияларға қысым жасайды. Сезімтал бактериялардың мембраналарын бұзады, микроорганизмдер уыттарының өнімін азайтады. Иммунитетті күшейтеді, фагоциттер мен комплемент титрі белсенділігін арттырады.

Грамоң микроорганизмдеріне қатысты тиімді:

  • Staphylococcus spp.;
  • Streptococcus spp.


Грамтеріс микроорганизмдеріне қатысты

  • Salmonella spp.;
  • Klebsiella spp.;
  • Enterobacter spp.;
  • Escherichia coli;
  • Shigella spp.;
  • Proteus spp.;
  • Haemophilus influenzae;
  • Campilobacter spp.;
  • Edwarsiella spp.;
  • Citrobacter spp.;
  • Vibrio cholerae;
  • Yersinia enterocolitica.


Нифуроксазид адам ішегінің қалыпты микрофлорасына әсер етпейді. Іштің жіті бактериялық өтуі кезінде ішек эубиозын қалпына келтіреді. Энтеротропты вирустарын жұқтырғанда бактериялық суперинфекцияның өршуіне кедергі келтіреді.

Аллергиялық реакциялар.

ҚАРСЫ КӨРСЕТІМДЕРІ БАР. ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА НҰСҚАУЛЫҚПЕН ТАНЫСЫҢЫЗ
Жоғары қарай
Қай жерден сатып алуға болады
Зеленый крест